Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 19 және 22 баптарына сәйкес 2023 жылғы 3 қарашадағы № 298 материалдарын қарастыру бойынша Комиссиясының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» талаптарына сәйкес келесі ұйымдардың сынақ орталықтары мен зертханалары аккредиттелсін:
1) Орал қ., «Батыс Дез» ЖШС-ң сынақ зертханасы;
2) Алматы қ. «QazTransCert» ЖШС-ң мобильді жылжымалы сынақ зертханасы;
3) Қостанай қ. «Кустанайдорпроект» жобалау институты» ЖШС-ң сынақ зертханасы.
2. Аккредиттеу саласының кеңеюіне байланысты Алматы қ., «Tulga» оқу сервисі» ЖШС-ң сынақ зертханасының аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін.
3. Аккредиттеу саласының қысқаруына байланысты келесі ұйымдардың аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделсін:
1) Павлодар қаласындағы «МЫРЗА ХАН» ЖШС филиалының «ОЛИМП» КДЛ медициналық зертханасының;
2) Қостанай қ., Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі Қостанай облыстық орталығы» КМК-ң диагностикалық зертханасы / медициналық зертханасының.
4. Аккредиттеу субъектісінің атауының өзгеруіне байланысты Астана қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Ақмола облыстық филиалының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ветеринариялық зертханасы/сынақ зертханасынан / Астана қ., Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» Астана өңірлік филиалының ветеринариялық зертханасы / сынақ зертханасына аккредиттеу аттестаты қайта ресімделсін.
5. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі – «ҰАО» РМҚ) аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды үйлестіру департаменті осы бұйрықтың 1 тармағында көрсетілген аккредиттеу субъектілермен аккредиттеуден кейінгі келісім-шарт жасасын.
6. Ұлттық аккредиттеу орталығы талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
8. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді
Бұйрық № 1355-ОД 03.11.2023 жылғы Аккредиттеу және аккредиттеу аттестаттарын қайта рәсімдеу туралы
Оформите заявку на сайте, мы свяжемся с вами в ближайшее
время и ответим на все интересующие вопросы.

