Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша 2019 жылғы мамыр айының 13 күнгі №23 хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1. ҚР БжҒМ-ң «Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті» ШЖҚ РМК-ң Авиациялық және ғарыш өнеркәсібі үшін отқа төзімді материалдар орталығының сынақ зертханасының 2016 жылдың шілде айының 26 күні берілген № KZ.Т.10.1767 аккредиттеу аттестаты қайтарылып алынсын.
2. «ҰАО» ЖШС-нің жиынтық талдау және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және «ҰАО» ЖШС-нің веб-сайтына тиісті ақпаратты енгізсін.
3. Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектісіне және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің
Техникалық реттеу және метрология Комитетін хабардар етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» ЖШС-нің Басқарма Төрағасының Орынбасары Қ.Н. Тайжановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

