«Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 2-1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Келесі аккредиттеу субъектілеріне аккредиттеу аттестаттарының қолданылу мерзімі 2024 жылғы 6 желтоқсаннан 2025 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзартылсын:
1) Атырау қ., «Вест Контроль Сервис» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.06.0451 аккредиттеу аттестаты;
2) Атырау қ., «Геоэкосервис» ЖШС гидрогеология бөлімінің атмосфералық ауа мен эмиссиялар сапасын бақылау жөніндегі сынақ зертханасының № KZ.T.06.0419 аккредиттеу аттестаты;
3) Орал қ., «HSE Service» ЖШС сынақ зертханасының № KZ.T.09.2284 аккредиттеу аттестаты;
4) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлтық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы медициналық зертханасының № KZ.M.15.2285 аккредиттеу аттестаты.
2. «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК (одан әрі – «ҰАО» РМК) Мониторингілеу және талдау департаменті тиісті ақпаратты аккредиттеу субъектілерінің тізіліміне енгізсін, сонымен қатар қабылданған шешім туралы жоғарыда көрсетілген аккредиттеу субъектілерін хабардар етсін.
3. «ҰАО» РМК Цифрландыру департаменті осы бұйрықты «ҰАО» РМК веб-сайтына орналастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «ҰАО» РМК-ның Бас директорының орынбасары А. Хасеновқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

