Ұлттық аккредиттеу орталығы ұлттық аккредиттеу жүйесінің кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған «20 жаңа бағалаушы» жобасының қатысушыларымен таныстыруды жалғастыруда.
Бүгін ҰАО-ның тартылатын бағалаушысы — Ким Олег Владимировичті назарларыңызға ұсынамыз.
Олег Ким — «Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының «Мұнай-газ ісі» мамандығы бойынша түлегі. Ол оқуын 2015 жылы аяқтаған.
Кәсіби еңбек жолын 2012 жылы «Энергомонтажавтоматика» ЖШС-де бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика слесарі лауазымында бастаған.
2020 жылдан бастап Олег Владимирович «Қазақстандық метрология орталығы» ЖШС-де жұмыс істейді. Ұйымдағы жұмысын метрология жөніндегі инженер лауазымынан бастаған ол қазіргі уақытта салыстырып тексеру зертханасын басқарады.
2025 жылы Олег Ким Ұлттық аккредиттеу орталығының техникалық сарапшылары мен бағалаушылары тізіліміне енгізілді. Сараптамалық қызметі барысында ол аккредиттеу субъектілерін бағалауға қатысып, кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейін көрсетті. Жұмыс қорытындысы бойынша Олег Владимирович ҰАО бағалаушысы мәртебесінде бекітілді.
Практикалық тәжірибесі, метрология саласындағы көпжылдық қызметі және бағалау рәсімдеріне қатысуы Олег Кимге бағалаушы функцияларын кәсіби түрде атқаруға және ұлттық аккредиттеу жүйесінің дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді.
«20 жаңа бағалаушы» жобасы кәсіби білімі мен практикалық тәжірибесі кадрлық әлеуетті нығайтуға және Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесін одан әрі жетілдіруге ықпал ететін мамандарды біріктіреді.
Дополнительно

