Ұлттық аккредиттеу орталығы «ГОСТ ISO/IEC 17025-2019. Сынақ және калибрлеу зертханаларының біліктілігі» тақырыбы бойынша оқытуға шақырады.
Оқыту зертханалар мен өндірістік бөлімшелердің басшылары мен мамандарына, инженерлерге, менеджмент жүйесінің мамандарына және лаборанттарға арналған.
Оқыту бағдарламасы аясында қатысушылар:
- ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 стандартының негізгі талаптарын;
- менеджмент жүйесінің тиімділігі мен құжаттаманы басқару тәсілдерін;
- персоналды басқару мәселелерін;
- тәуекелдерді басқару талаптары мен практикалық тәсілдерді меңгереді.
Оқыту ұзақтығы –
5 күн.
Оқыту форматы қатысушылардың қажеттілігіне қарай таңдалады:
- офлайн;
- онлайн (қашықтан);
- кәсіпорынға барып оқыту.
Оқыту мерзімі тапсырыс берушімен алдын ала келісім бойынша белгіленеді.
Өтінім беру және оқыту бағдарламасын алу үшін:
E-mail: d.inerbayeva@nca.kz
Телефон: +7 (7172) 98-37-52, 98-37-12

