«Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК ұжымы «Таза Қазақстан – жауапкершілік белесі» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық сенбілікке қатысты.
Экологиялық акция барысында Орталық қызметкерлері аумақты тазалау жұмыстарына атсалысып, қалалық ортаны абаттандыру мен тазалықты сақтауға өз үлестерін қосты.
Осындай іс-шараларға қатысу қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін қалыптастыруға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға және тазалық пен абаттандырудың ортақ міндет екенін насихаттауға ықпал етеді.
Ұлттық аккредиттеу орталығы қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындар үшін қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған экологиялық бастамаларды қолдайды.
Тазалық – ортақ жауапкершілік!

