Ұлттық аккредиттеу орталығы «20 жаңа бағалаушы» жобасының қатысушыларымен таныстыруды жалғастырады. Бүгін Зюляль Кабенованы таныстырамыз.
Зюляль Кабенова Еуразия гуманитарлық институтын «Аударма ісі» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2018 жылы «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК-да бастаған.
2020 жылдан бастап Ұлттық аккредиттеу орталығында жұмыс істейді және аккредиттеу мен сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен айналысады.
Кәсіби қызметі аясында Зюляль Кабенова аккредиттеу жөніндегі халықаралық және өңірлік ұйымдардың жұмысына қатысып, ҰАО-ның APAC және Global Accreditation Cooperation Incorporated (Global ACI) ұйымдарындағы толыққанды мүшелік мәртебесін қолдауға үлес қосып келеді.
Сондай-ақ ол ISO/CASCO сәйкестікті бағалау жөніндегі комитетінің мүшесі болып табылады және сәйкестікті бағалау саласындағы халықаралық стандарттар жобаларын кәсіби тұрғыдан қарауға қатысады.
Зюляль Кабенова аккредиттеу субъектілерін бағалау рәсімдеріне де қатысып, аккредиттеу талаптарын тәжірибеде қолдану бойынша тәжірибе жинақтады және осы саладағы кәсіби құзыреттерін кеңейтті.
Халықаралық өзара іс-қимыл тәжірибесі, бейінді ұйымдардың жұмысына қатысуы және аккредиттеу саласындағы практикалық қызметі Зюляль Кабенованың бағалаушы ретінде одан әрі дамуына және ұлттық аккредиттеу жүйесін жетілдіруге үлес қосуына берік негіз қалыптастырады.

