Ұлттық аккредиттеу орталығы ҰАО бағалаушылары мәртебесінде бекітілген мамандарға арналған «Аккредиттеудің 20 жаңа бейнесі» айдарын жалғастырады.
Бүгін сіздерді техникалық реттеу және метрология саласында көпжылдық тәжірибесі бар Райдын Баратовпен таныстырамыз.
2001 жылы Райдын Баратов М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар мемлекеттік академиясын «Автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» мамандығы бойынша бітірген.
Техникалық реттеу саласындағы кәсіби қызметін 2010 жылы «Алматы Стандарт» Ғылыми зерттеу орталығы» ЖШС-де автокөлік зертханасының маманы лауазымынан бастады. Жұмыс істеген жылдары бас директордың орынбасары лауазымына дейін көтеріліп, бұл қызметті қазіргі уақытқа дейін атқарып келеді.
2014 жылы Райдын Баратов Ұлттық аккредиттеу орталығының техникалық сарапшылары мен бағалаушыларының тізіліміне енгізілді. Кәсіби қызметі барысында жоғары құзыреттілік деңгейін көрсете отырып, көптеген бағалау процедураларына қатысты. Жұмыс нәтижелері бойынша ҰАО бағалаушысы мәртебесінде бекітілді.
Жинақталған практикалық тәжірибесі, кәсіби білімі мен техникалық реттеу саласындағы көпжылдық қызметі Райдын Баратовқа бағалаушы функцияларын тиімді орындауға және ұлттық аккредиттеу жүйесін дамытуға үлес қосуға мүмкіндік береді.
Дополнительно

