«20 жаңа бағалаушы» айдары аясында Ұлттық аккредиттеу орталығы техникалық реттеу және сәйкестікті бағалау саласында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандармен таныстыруды жалғастырады.
Айжан Борасынбаева 2015 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірген. Сонымен қатар «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша екінші жоғары білімі бар.
Кәсіби қызметін 2014 жылы «Азия Метрологиялық Орталығы» ЖШС-нде өлшеу құралдарын тексеруші лауазымынан бастаған. 2017–2020 жылдар аралығында «Телсет» ЖШС сынақ зертханасында жұмыс істеді.
2021 жылдан бастап «Алматы-стандарт» Ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС-нде жетекші маман лауазымын атқарады, онда өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі сарапшы-аудитор ретінде қызметін жүзеге асырады. Сарапшы-аудитордың үш аттестатына ие.
Айжан Борасынбаеваның кәсіби жетістіктері республикалық деңгейде атап өтілген. 2016 жылы ол Техникалық реттеу және метрология комитеті ұйымдастырған «Үздік жас метролог» конкурсында III орынды иеленді.
2026 жылы техникалық реттеу жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін Ұлттық аккредиттеу орталығының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қазіргі уақытта Айжан Борасынбаева – Ұлттық аккредиттеу орталығының әрекеттегі тартылатын техникалық сарапшысы.
Жиналған кәсіби тәжірибесі, метрология, сынақтар және өнімнің сәйкестігін растау саласындағы практикалық білімі оған бағалау рәсімдерінің сапасын қамтамасыз етуге және ұлттық аккредиттеу жүйесін дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Дополнительно

