«20 жаңа бағалаушы» айдары аясында Ұлттық аккредиттеу орталығы метрология мен аккредиттеу саласында көпжылдық жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандармен таныстыруды жалғастырады.
Қарлығаш Саттыбаева жан-жақты білімге ие. 1997 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша аяқтап, филолог біліктілігін алған. 2003 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Ағылшын және қазақ тілі» мамандығы бойынша бітірген. 2025 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетін «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 2001 жылы С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университеттің Маркетинг және коммерция кафедрасының аға лаборанты лауазымынан бастаған. Сонымен қатар сол жылдың қыркүйек айында «Қазақстан метрология институты» РМК Заңнамалық метрология және халықаралық ынтымақтастық басқармасында еңбек жолын жалғастырды.
2018 жылы Қарлығаш Саттыбаева Ұлттық аккредиттеу орталығының техникалық сарапшылары мен бағалаушылары тізіліміне енгізілді.
Қазіргі уақытта «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК Аккредиттеу материалдарын қарау жөніндегі комиссия хатшылығының басшысы лауазымын атқарады.
Көпжылдық кәсіби тәжірибесі, метрология саласындағы білімі және аккредиттеу жүйесіндегі практикалық қызметі Қарлығаш Саттыбаеваға бағалау рәсімдерін жетілдіруге және ұлттық аккредиттеу жүйесін дамытуға елеулі үлес қосуға мүмкіндік береді.
Дополнительно

