«Ұлттық аккредиттеу орталығының» ШЖҚ мамандары Анкарадағы SYM Certification Training and Testing Services Co. Ltd. ұйымында QSI Belgelendirme Muayene ve Test Hizmetleri Ltd. Şti. сертификаттау органының жетекші аудиторының қатысуымен тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама жасанды интеллект менеджменті жүйелері (AIMS) саласындағы ISO/IEC 42001:2023 халықаралық стандартын іс жүзінде қолдануға және ISO/IEC 42006:2025 талаптарын ескере отырып, сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу әдіснамасын зерделеуге арналды.
Бағдарлама барысында ҰАО мамандары мыналарды зерделеді:
- AIMS аудиттерін (1 және 2 кезеңдерін) жүргізу тәжірибесін;
- аудиторлық топтарды жоспарлауды және аудит ұзақтығын есептеу методологиясын;
- ISO/IEC 42001:2023 және ISO/IEC 42006:2025 талаптарына сәйкестікті бағалауды;
- құжатталған ақпаратты және оның іс жүзінде қолданылу нәтижелілігін бағалау тәсілдерін;
- сертификаттау органы персоналының құзыреттілігіне қойылатын талаптарды.
Жасанды интеллект жүйелерінің жеке тұлғаларға, топтарға және қоғамға әсерін бағалау (AI system impact assessment) спецификасына, сондай-ақ Түркия тәжірибесіне ерекше назар аударылды.
Алынған практикалық тәжірибе Қазақстан Республикасында жасанды интеллект менеджменті жүйелерін сертификаттайтын органдарды аккредиттеудің жаңа бағытын енгізу және тәсілдерін одан әрі жетілдіру барысында пайдаланылатын болады.
Дополнительно

