Дүниежүзілік сапа күні қарсаңында «Ұлттық аккредиттеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны мен «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілету арқылы сапа инфрақұрылымын дамытуға, сарапшылардың кәсіби деңгейін арттыруға, аккредиттеу және сәйкестікті бағалау мәселелерін шешуге бағытталған Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумға «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК бас директоры Айдар Әбілдабеков пен «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Жеңіс Тайшытаев қол қойды.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында: «Бизнесті қорғау – ұлттық экономиканың егемендігін нығайту», – деп атап өткен болатын. Осы ұстанымды қолдай отырып, Меморандумға қол қою – кәсіпкерлікті қолдаудағы нақты практикалық қадам болып табылады.
Ынтымақтастық туралы меморандум тәжірибе алмасуды, «Атамекен» ҰКП өкілдерінің аккредиттеу мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуын, бірлескен оқыту іс-шараларын өткізуді, сапа инфрақұрылымы саласындағы құзыреттілікті арттыруды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына қатысушыларды сараптамалық бағалауға Аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган мамандарын тартуды көздейді.
Бүгінде Аккредиттеу жөніндегі орган жаңа тәсілдер, заманауи цифрлық шешімдер және жасанды интеллект технологиялары арқылы бизнес үшін аккредиттеу үдерістерін жеңілдетуге бағыт алды. Негізгі міндет – рәсімдердің ашықтығын арттыру, аккредиттеу мерзімдерін қысқарту және өтініш берушілерге түсетін әкімшілік жүктемені азайту. Цифрлық технологиялар мен зияткерлік шешімдерді енгізу анағұрлым тиімді, заманауи әрі бизнес қажеттіліктеріне бағдарланған жүйені қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтуде. Бұл – экономиканы нығайту, кәсіпкерлікті қолдау және отандық бизнесті дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін күш-жігерді біріктірудің тағы бір маңызды себебі.
Меморандумға қол қою сапа инфрақұрылымын дамытуда, сарапшылар қауымдастығын нығайтуда және қазақстандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда Ұлттық аккредиттеу орталығы мен «Атамекен» ҚР ҰКП-ның күш-жігерін біріктіру үшін жаңа перспективалар ашады.
Дополнительно

