Қазақстан Республикасының «Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы» Заңының 26 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына сәйкес және аккредиттеу құжаттарын қарастыру бойынша Комиссиясының 2021 жылғы 20 желтоқсандағы № 34-О хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
1.Келесі аккредиттеу субъектілерінің аккредиттеу аттестаттары қайтарылып алынсын:
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК зертханалық сынақтар орталығының 2019 жылғы 28 тамызда берілген № KZ.T.01.0327 аккредиттеу аттестаты;
Ақмола облысы, «Altyntau Kokshetau» АҚ калибрлеу зертханасының 2017 жылғы 23 қантарда берілген № KZ.K.03.1840 аккредиттеу аттестаты;
Ақмола облысы, «Altyntau Kokshetau» АҚ салыстырып тексеру зертханасының 2017 жылғы 23 қантарда берілген № KZ.P.03.1839 аккредиттеу аттестаты.
2.«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ШЖҚ РМК талдау және мониторинг департаменті аккредиттеу субъектілер Тізіліміне және интернет-ресурста тиісті ақпаратты енгізсін.
3.Аккредиттеу бойынша комиссия хатшысы қабылданған шешім туралы жоғарыда айтылған аккредиттеу субъектілерді хабардар етсін.
4.Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5.Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
