Бүгін Искандер Вячеславович Хамитовке көпжылдық адал еңбегі мен саланың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін шынайы алғыс ретінде «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалі табысталды.
Искандер Вячеславович Ұлттық аккредиттеу орталығының Бас директоры лауазымындағы қызметін аяқтады.
Оның басшылығымен ұлттық аккредиттеу жүйесін жетілдіруге, ұлттық аккредиттеу органының қызметінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және ұлттық сапа инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды бастамалар іске асырылды.
Қол жеткізілген нәтижелерді атап өткен Министр жүргізіліп жатқан реформалардың қарқынын сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтіп, аккредиттеу жүйесін одан әрі кешенді түрде трансформациялау жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Ұлттық аккредиттеу орталығының ұжымы Искандер Вячеславовичке бірлескен жемісті жұмыс, парасатты басшылық және өз ісіне деген адалдығы үшін шынайы алғысын білдіреді.
Сізге зор денсаулық, бақ-береке және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

