2025 жылдың қазан айында Халықаралық стандарттау ұйымының (ISO) сайтында ISO/IEC 27701:2025 стандартының екінші редакциясы жарияланды.
Осы уақытқа дейін ISO 27701 стандарты ISO/IEC 27001 стандартының кеңейтілімі ретінде жұмыс істеп келді. Іс жүзінде бұл олардың үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін екі стандарт бойынша да (ISO 27001 + ISO 27701) сертификаттауды талап ететін.
2025 жылғы редакция енді қайта қаралған атаумен жеке Құпия ақпарат менеджменті жүйесі (PIMS) ретінде бекітіледі: «Ақпараттық қауіпсіздік, киберқауіпсіздік және құпиялылықты қорғау. Құпия ақпарат менеджменті жүйелері. Талаптар мен нұсқаулық».
Бұл ISO/IEC 27701:2025 стандартының басқа ISO менеджмент жүйелерімен үйлесімділігін сақтай отырып, тәуелсіз PIMS ретінде енгізілуі мүмкін екенін білдіреді.
Қазақстан үшін ISO/IEC 27701:2025 дербес деректерді қорғаудың ұлттық жүйесін дамытудың перспективалы бағыты болып табылады. Стандартты қолдану отандық ұйымдарға деген сенім деңгейін арттыруға, цифрлық экономиканы дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және құпия ақпаратты басқару саласындағы ұлттық тәжірибені халықаралық талаптармен үйлестіруге ықпал ететін болады.

