16 Ноября 2016
2008 жылдан бастап жыл сайын маусым айында әлем­дік қауымдастық Дүние­жүзілік аккредиттеу күнін атап өтеді. Бұл күн 2007 жыл­ғы 30 қазанда Сидней қала­сында (Австралия) ILAC және IAF бірлескен Бас ассам­блеясының отырысында бекі­тілген болатын.

Дүниежүзілік аккредиттеу күнін мерекелеу шеңберінде Ұлт­тық аккредиттеу орталығы халық­аралық ұйымдар бекіткен тақы­рыптар бо­йынша дөңгелек үстелдер өткізеді.

Осылайша, 2008 жылдан бас­тап Қазақстан Республикасында әлемдік сенімді, құзыреттілікті орнату, аккредиттеу жөніндегі жұмыстар нәтижелерін әлемдік тану, реттеуші органдарды қол­дау құралдары, азық-түлік өнім­дерінің және таза ауыз су қауіп­сіздігін қамтамасыз ету, әлем­дік саудаға көмек көрсету, энер­гиямен қамтамасыз етудегі қауіпсіздік, сондай-ақ, медици­налық және әлеуметтік көмек көрсе­туді қолдау бойынша тақы­рып­тарға арналған дөңгелек үс­телдер өткізілді.

Өз кезегінде үкіметтік емес ұйымдар заңнамалық актілерді тал­қылауға, қоғамдық мүдделерді қозғайтын әртүрлі салаларда мемлекеттік саясатты құру, мониторинг және оңтайлы реформаларды жүзеге асыру үшін зерттеу­лер жүргізу жолымен, құ­қық­тық құралдар көмегімен қоғам­дық мүдделерді қорғаумен айна­лысады.

Бұл ретте, стандартталған әдіс­терді қолдану, сондай-ақ, мем­ле­кеттік органдар немесе үкіметтік емес ұйымдар көрсететін қыз­мет­тердің сәйкестігін, аккредиттелген бағалауын пайдалану – қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған мақсаттарға неғұрлым дәл қол жеткізуге ықпал етеді.

Аккредиттеуді және сәйкес­тікті бағалау қажеттігін түсіндіру мақ­­сатында және аккредиттеу пай­да­ла­­нылған жаһандық мысалдар­ды көрсету үшін www.pub­lic­sectorassurance.org вебсайт жасалынды.

Аккредиттеу денсаулықты және қауіпсіздікті қорғау, эко­но­микалық даму, саудаға көмек көрсету, сондай-ақ, қылмыс­кер­лікпен күрес және қауіпсіздікті көтеру мәселелерін шешу саласында реттеуші органдарға қоғамдық мүдделерді қолдауда сенімділікті қам­тамасыз етуге мүмкіндік бере­тін сенімді құрал болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Рес­пуб­ликасында өнімдер мен көр­сетілетін қызметтердің сәй­кес­тігін растау жөніндегі орган­дарды (СРО), менеджмент жүйе­лерін (МЖ СРО), сынақ (СЗ), кали­брлеу (КЗ), салыс­тырып тексеру (СТЗ), аккредиттеу бойынша қызметтің дәстүрлі бағыттарынан басқа медициналық зертханаларды (МЗ), персоналды сертификаттау жөніндегі органдарды (П СРО), біліктілікті тексеру провайдерлерін және инс­пекция жөніндегі органдарды (ИО) аккредиттеу сияқты жаңа бағыт­тар белсенді дамытылуда. Бұл бағыт­тарда біз қоғамда толық түсі­ніс­тікке және халықаралық дең­гейге шығу жұмыстарын жүр­гізу­де мемлекеттің қолдауына қол жеткіздік.

2016 жылғы 5 мамырдағы жағ­дайы бойынша аккредиттеу тізі­лімінде 1347 субъекті тіркел­ген, оның 1332-сі дәстүрлі бағыттары, 15-і аккредиттеудің жаңа бағыт­тары бойынша. Кеден одағы Тех­никалық регламенттерінің талаптары бойынша өзектендірілген қазақстандық бөліміне 75 СРО және 273 СЗ енгізілген.

Сонымен, Қазақстан Респуб­ликасының аккредиттеу жүйесінің құрылу жылдары автомобильдік, теміржол және кеме құрылысы өнімі талаптары бойынша жекелеген көрсеткіштерді қоспағанда, тех­никалық регламенттердің бар­лық талаптары бойынша өнім қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету бойын­ша сынақ базасы құрылды. Жаңа технологиялар мен сынақ әдіс­терінің дамуымен Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның зертханалық базасын жетіл­діру бойынша үрдісті шексіз жал­ғаст­ыра беруге болатынын атап өту қажет.

Қазақстан қарқынды даму­шы мемлекет болып табылады. Мемлекеттің негізгі макро­эко­номи­калық стратегиясы жа­қын жыл­дарға отандық өндіріс­тің дамуымен қатар, Қазақ­станның әлемдік нарық­қа шы­ғуын көздейді. Мысалы, Қазақ­стан дәнді дақылдарды ірі экс­­порт­­таушыларының қатарына кіреді. Біз ауқымды экологиялық таза аумақты иеленудеміз жә­не эко­логиялық таза азық-тү­лік өнімдерін өндіре аламыз. Сон­дықтан, біз органикалық, эко­ло­гия­лық таза және «Халал» өнім­дерін сертификаттау саласы сияқты жаңа аккредиттеу ба­ғытын, сондай-ақ, инспек­ция жөніндегі органдарды құ­ру бағыттарын дамытамыз. 2015 жылдың соңында біз Қазақ­стан Республикасы Ауыл шаруа­шылығы министрлігі жанындағы Агроөнеркәсіп кешеніндегі мем­лекеттік инспекция комитетінің «Фитосанитария» ШЖҚ РМК инс­пекциясын аккредиттедік. Бұл субъектінің аккредиттеу сала­сына дән, дәнді асбұршақ және май дақылдары және оларды қайта өңдеу өнімдерінің, сон­дай-ақ, жемістік, көкөністік, табиғи гүл­дердің кесіндісін және құмыралық өсімдіктердің инспекциясы кіреді.

Сонымен қатар, ДСҰ-ға Қа­зақстанның кіруі біздің экспорттау­шылар үшін де, сондай-ақ, біздің экономиканың негізгі секторына келетін шетелдік инвесторлар үшін де жаңа мүмкіндіктер ашады.

Бұл ретте, мемлекет өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің қауіп­­сіздігін, ал аккредиттеу үрдісі оның сәйкестігін бағалау нәти­же­­леріне сенімді қамтамасыз етуі қажет.

Сондай-ақ, біздің республикамыз климат өзгеруінің алдын алудың жаһандық саясатына бел­сенді атсалысуда. Қазақстан халық­аралық қауымдастық алдында парникті газдардың шы­ғарылуын қысқарту бойынша ерікті мін­дет­терді қабылдады. Қойылған мақ­­сат­тарға қол жеткізу үшін респуб­лика әлемнің жоғары дамы­ған ел­дерінің халықаралық тәжі­рибесін белсенді енгізуде. Қазір­­гі уақытта Қазақстан Рес­­пуб­­ли­­ка­сының Экологиялық кодек­сі­не аккредиттеу жөніндегі ор­ган­ға пар­никті газдардың шыға­рылуы­н верификациялауды, вали­да­ция­­лауды жүзеге асыратын тәуел­сіз ұйым­дарды аккредиттеу бо­йын­ша құзыреттілікті беру бөлі­гіне өз­герістер енгізілді. Енді Ұлт­тық аккре­­диттеу орталығы (ҰАО) ал­­­дын­­­да осы саладағы бір­қа­тар ха­лық­­­ар­а­­­лық стандарттар­ды енгізу міндеті тұр.

Жоғарыда көрсетілген барлық іс-шаралар ҰАО-дан халықаралық талаптарға сәйкес келетін білікті қызметкерлерді дайындауды қажет етеді. Осыған байланысты олар­ды дайындауға бағытталған халық­аралық деңгейдегі семинар­лар мен конференцияларға қаты­суға ерекше назар аударамыз.

Бүгінгі күні аккредиттеу жө­ніндегі жұмыстарды 45 штаттық және 48 сырттан тартылатын ма­мандар, қызметтің әртүрлі ба­ғыттары бойынша сарапшы аудиторлар жүзеге асырады. Ал сәйкестікті бағалауды жүргізу үшін 1000 техникалық сарапшылар тартылады. ҰАО тұрақты не­гізде сәйкестікті бағалауға қаты­сатын мамандардың біліктілік­терін көтеру бойынша жұмыс жүргізеді. Мысалы, бізде Алматы қаласы бойынша толыққанды оқы­ту орталығы бар. Оның үсті­не, ҰАО орталық аппаратында курстар өткіземіз. Жыл сайын халықаралық талаптарға сәйкес келу мақсатында, стандарттардың жаңа нұсқаларына оқыту курста­рын өткізу үшін, ҰАО шетелдік маман­дарды, оның ішінде осы ха­лықаралық стандарттарды әзірлеу ісіне қатысқан дәріскерлерді ша­қырады. Сонымен қатар, аккре­диттеудің жаңа бағыттары бо­йынша тәжірибені зерделеу мақ­сатында біздің мамандар аккредиттеу жөніндегі шетелдік орган­дарда тағылымдамадан өтеді.

Әлемдік тәжірибе көр­се­те­тіндей, ірі қалалардың сер­пін­ді дамуы көліктік-логистика, қа­ла­лық инфрақұрылымның тех­ни­ка­лық және әлеуметтік, өмір сапа­сына өсіп келе жатқан талап­тар­мен және өсіп көбейіп келе жат­қан тұрғындарды ескере отырып қаланың дамуын тиімді бас­қару проблемаларымен бет­пе-бет келеді. Бұл мәселелер халық­ара­лық құжаттар қатарында және «ақылды» қалалар (Smart City) жоба­ларында қалаларды дамыту страте­гияларында көрінісін тапты және бүкіл әлемде белсенді дамуда. Smart City тұжырымдамасы шең­берінде бұл жобаларды енгізу тиімділігінің нақтылануы энер­гиялық қорларды, коммуналдық желілерге қызмет көрсету шығыс­тарын үнемдеу, АҚШ және Еу­ро­па елдерінде жолдарда апат­ты­лықты және қала бойынша қозға­лысқа шы­ғын­далған орташа уақытты төмен­дету мысалдары болып табылады.

Қазақстанда бұл мәселелер ЭКСПО-2017 халықаралық маман­дандырылған көрмесін Аста­на қаласында өткізу қарсаңында ерекше өзекті. Өйткені, Елбасы ЭКСПО-2017 инфрақұрылымының құ­рылысында Smart City қағидат­тарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сертификаттаудың бұл қағи­даттары әділдік және шынайы­лыққа негізделген.

Серік ҚҰРМАНҒАЛИЕВ,

«Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас директоры

Вернуться к списку